Әдеп жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өтті.
Отырыс барысында Приозерск қаласының әкімі, Қарағанды облысы бойынша экология департаментінің басшысы, сондай-ақ, Нұра ауданы әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі мемлекеттік қызмет туралы заңнаманың сақталуын қамтамасыз ету және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында атқарылған жұмыстары туралы есептерін берді.
Сонымен қатар, қызметтік әдеп нормаларын бұзу фактісі бойынша мемлекеттік қызметшіге қатысты қозғалған тәртіптік іс қарастырылды.
Отырыс қорытындысы бойынша мемлекеттік қызмет туралы заңнама талаптарының сақталуы, қызметтік әдеп нормаларын қамтамасыз ету, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті нығайту және мемлекеттік қызметшіге тәртіптік жаза қолдану туралы тиісті ұсыныстар әзірленді.
Әдеп жөніндегі кеңестің отырысы өткізілді
Фото: МҚІА