Бұл туралы Life09 ақпарат агенттігі sputnik_aitady-ға сілтеме жасап хабарлайды.
Ерболат Сатыбалдының айтуынша, бұл жағдай мемлекеттік наградалармен шатастыру қаупін тудырып, алаңдаушылыққа себеп болады.
Айтуынша, қолданыстағы заңда «қоғамдық марапат» ұғымы нақты айқындалмаған.
Соның салдарынан қоғамдық бірлестік, қауымдастық және өзге ұйымдар тағайындайтын марапат арнайы құқықтық реттеуден тыс қалып отыр.
Депутат қоғамдық марапаттарға тарихи тұлғалардың, ұлттық батырлар мен мемлекет және қоғам қайраткерлерінің есімдерін беруге, сондай-ақ «Құрметті», «Еңбек сіңірген», «Халық», «Даңқ», «Батыр», «Үздік» сияқты мемлекеттік деңгейдегі атауларды қолдануға шектеу енгізуді ұсынды.
Депутат қоғамдық марапаттарға «Құрметті», «Еңбек сіңірген», «Халық», «Даңқ», «Батыр», «Үздік» атауларын қолдануды шектеуді ұсынды
Фото: Life 09