BANNER

«Дикий Арманды» қамауда ұстау мерзімі тағы ұзартылды

Ашық дереккөз

«Дикий Арман» лақап атымен танымал Арман Жұмагелдиевтің қамауда ұстау мерзімі 7 желтоқсанға дейін ұзартылды, деп хабарлады LIFE09 ақпараттық агенттігі.

«6 қазанда Алматы ауданаралық соты тергеу өтінішін қарап, Арман Жұмагелдиевті қамау мерзімін 7 желтоқсанға дейін ұзартты»,- деп хабарлады Алматы қалалық соттың баспасөз қызметі.

Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.

Еске салайық, 7 қаңтарда Алматыда полицейлер «Дикий Арман» лақап атымен танымал қылмыс әлемінің серкесі Арман Жұмагелдиевті ұстаған болатын.

Кейін ҚР Бас прокуратурасы «Дикий Арманың» Ұлттық қауіпсіздік қызметінің тергеу изоляторында отырғанын жеткізді.