Димаш Құдайберген төртінші рет "Жылдың ең үздік мәдениет қайраткері" атанды, деп хабарлайды LIFE09 ақпараттық агенттігі massaget.kz-ке сілтеме жасап.
"Халықтың сүйіктісі-2024" 14-ші ұлттық премия өздерінің қорытындысын шығарды. Ең беделді қоғамдық марапат он номинация бойынша берілді.
"Қазақстан Республикасының Халық әртісі Димаш Құдайберген төртінші рет жылдың Мәдениет қайраткері болып танылды", - деп жазылған Dimashnews ақпаратында.
Лауреаттарды марапаттау рәсімі дәстүрлі түрде 2025 жылғы 16 қаңтарда өтеді.