BANNER

Доллар арзандады

Ашық дереккөз

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге қатысты бағамы төмендеді, деп хабарлайды LIFE09 ақпараттық агенттігі.

Күндізгі сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар бағамы 1,28 теңгеге төмендеп, 1 доллар 468, 75 теңге болды.

Ұлттық банктің 6 қазандағы ресми бағамы – 1 доллар үшін 470, 06 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пункттерінде доллардың сату бағамы – 470 теңге, сатып алу – 475 теңге.

Ал, Астана қаласы бойынша сату бағамы – 469,5 теңгеден болса, сатып алу – 473,05.

Ресей рублі 7,35- 7, 55 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Айта кетейік, Қор нарығында АҚШ ақшасы екінші күн қатарынан арзандап жатыр.