BANNER

Доллар бағамы өсті

Ашық дереккөз

Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы қайта көтерілді, - деп хабарлайды LIFE09 ақпараттық агенттігі Қазақстан қор биржасы (KASE) мәліметіне сілтеме жасап.

Күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 0,59 теңгеге көтеріліп, 473,10 теңгеге тең болды. Айта кетейік, доллардың 7 қыркүйектегі ресми бағамы - 472,47 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, дәл қазір Алматының ақша айырбастау орындарында долларды сатып алу бағамы – 471,97 теңге, сату – 476,21 теңге. Нұр-Сұлтанның ақша айырбастау орындарында америкалық валюта орта есеппен 473,13 теңгеден сатып алынып, 477,36 теңгеден сатылып жатыр