BANNER

Доллар қайта қымбаттады

Ашық дереккөз

Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы қайта көтерілді, - деп хабарлайды Saryarqanews.kz тілшісі Қазақстан қор биржасы (KASE) мәліметіне сілтеме жасап.

Күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа сараланған бағамы 4,87 теңгеге көтеріліп, 469,26 теңге болды. Айта кетейік, доллардың 5 шілдедегі бағамы - 464,16 теңге.

Kurs.kz мәлімтеніше, дәл қазір Алматының ақша айырбастау орындарында долларды орташа сатып алу - 464,28 теңге, сату - 471,08 теңге. Нұр-Сұлтанның ақша айырбастау орындарында америкалық валюта орта есеппен 463,45 теңгеден сатып алынып, 467,46 теңгеден сатылып жатыр.