Әзербайжан республикасының президенті Ильхам Әлиев телеарнаға сұхбат берді, деп хабарлайды Life09 ақпараттық агенттігі Sputnik.kz-ке сілтеме жасап. Сұхбат барысында Ақтау маңында болған Azerbaijan Airlines ұшақ апатына тоқталды.
Әлиев Ақтаудағы ұшақ апатының себебіне қатысты өз ойын білдірді.
Әзербайжан президентінің айтуынша, зақымдану абайсызда жерден атқылау салдарынан болуы мүмкін.
"Соңғы нұсқасы қара жәшіктер ашылғаннан кейін белгілі болады", - деп қосты Әлиев.
Сонымен қатар, Әзербайжан президенті қазақ халқына алғыс айтты
"Біріншіден, мен президент Тоқаевқа телефон шалып, оған ризашылығымды білдірдім, біз апаттан кейін бірден қазақстандық құтқарушылардың оқиға орнына тез жетіп, қираған ұшақтан адамдарды шығаруға кіріскенін білдік", - деді ол.
Әлиев қазақ бауырлардың көмегі әхербайжандықтардың жүрегіне жылулық ұялатқанын атап өтті. Сондай-ақ, ол Ақтаудағы Әзірбайжан консулдығына Қазақстанның қарапайым азаматтары келіп, гүл шоқтарын қойып, қолдау білдіргенін атап өтті.
"Біздің достығымыз бен бауырластығымыз осы қиын сынақтан кейін нығая түсті", - деді Әлиев.
Әзербайжан басшысы AzTV арнасына берген сұхбатында мемлекет басшысына көңіл айтқанын жеткізді.
"Мен президент Тоқаевқа қайғырып көңіл айттым, себебі апат салдарынан Қазақстанның алты азаматы қаза тапты", - деді ол.
Әзербайжан президентінің айтуынша, "қазақ бауырларымыздың көрсеткен ынтымағы Әзербайжан халқының жүрегінде терең із қалдырды".