BANNER

Дүниежүзілік демікпеге қарсы күрес күні

Фото: unsplash.com

Бүгінгі таңда медицина мамандары демікпе кеселі ауыр инфекциялық аурулардың қатарына жататындығын және жүрек-қан тамырлары, инсульт, обыр мен диабеттен кейін бесінші орында тұрғанын алға тартып отыр.

Бронх демікпесі ересектердің 5%, балалардың 10% зардап шегетін ең көп таралған созылмалы аурулардың бірі болып табылады. ДСҰ анықтамасы бойынша бүкіл әлемде 235 млн.адам демікпемен ауырады.Дүниежүзілік демікпемен күрес күні жыл сайын мамыр айының бірінші сейсенбісінде атап өтіледі. 2019 жылы ол 7 мамырға сәйкес келді. Бұл күн ДСҰ бастамасы бойынша құрылған және демікпеге шалдығудың өршу проблемасына жұртшылықтың назарын аударып, бұл детке душар болғандарға көмек көрсету сапасын арттырып, адамдардың одан хабардар болуына бағытталған. Алғаш рет Бүкіләлемдік демікпеге қарсы күрес күні 1988 жылы аталып өтті.

Демікпе грек тілінен аударғанда «ауыр тыныс алу» дегенді білдіреді. Бұл терминнің авторы – Гиппократ. Көптеген ғасырлар бойы ғалымдар осы аурудың себебін зерттеуге тырысты және тек ХХ ғасырда демікпенің себебі, аллергиялық реакция, сыртқы тітіркендіргішке (химиялық, биологиялық, физикалық) жауап ретінде бронхтардың жергілікті қабынуы болып табылатыны анықталған.

Қазақстанда демікпемен ауыратын адамдардың саны жыл сайын артып келеді. Денсаулық сақтау министрлігінің соңғы мәліметтері бойынша, демікпеге шалдығу 100 000 адамға шаққанда 56,3 кездеседі. Ал бұл 10 мыңға жуық насқас бар дегенді білдіреді.