BANNER

Е-QYZMET АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕСІ – КАДРЛЫҚ ЖҰМЫСТЫ ЦИФРЛАНДЫРУДЫҢ ТИІМДІ ҚҰРАЛЫ

Фото: ИИ

🔹 Мемлекеттік органдарда кадрлық жұмысты жетілдіру және цифрландыру мақсатында Е-Qyzmet ақпараттық жүйесі кеңінен қолданылуда.
🔹Аталған жүйе арқылы кадрлық қызметтің негізгі процестері автоматтандырылып, бірыңғай форматта жүзеге асырылады. 
🔹Атап айтқанда, қызметкерлерді қабылдау және босату, электронды жеке істерді жүргізу, қызметтік ауыстыру мен жоғарылату, еңбек демалыстары мен іссапарларды рәсімдеу, қызмет нәтижелерін бағалау, сондай-ақ, оқыту және біліктілікті арттыру шараларын есепке алу қамтамасыз етіледі.
🔹Е-Qyzmet жүйесін енгізу кадрлық рәсімдердің ашықтығын арттырып, құжат айналымын оңтайландыруға және адами факторды азайтуға мүмкіндік береді. 🔹Сонымен қатар, уақыт пен еңбек ресурстарын тиімді пайдалануға жағдай жасайды.