Оқиға Алматыдағы перзентханадардың бірінде болған, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі Stan.kz-ке сілтеме жасап. Екі ананың бірі Арай Ақан перзентханаға 5 мамырда барған. Дәрігерлер оны назарсыз қалдырып, дер кезінде көмек бермеген. Толғақ күшейген сәтте ота жасауын өтінген. Алайда "өзің босана аласың" деп келісім бермеген. Олар баланың жүрек соғысы нашарлағанын білсе де, ештеңе істемеген. Арада біраз уақыт өткен соң вакуум әдісін қолданбақ болған. Алайда ол кезде бәрі кеш еді.
Ал екінші ана Гүлминям Низахунова перзентханаға 13 тамызда түскен. Ол қан кетіп, жедел ауруханаға жеткізілген, Бірақ дәрігерлер жағдай қалыпты екенін айтып, ота жасамаған. Арада 4 күн өткен соң келіншек баланың қимылдамай жатқанын сезген. Оны дәрігерге айтқан. Сөйтсе бала іште жатып, шетінеп кетіпті. Дәрігерлер әйелдің өзіне кінә артқан. Олар құжатты өзгертіп, 13-і үйіне кетіп, 17-сі күні толғатып келді деп жазған.
Ал денсаулық сақтау басқармасы 2 әйелдің мәселесі бақылауда дейді. Тиісті шара қабылдайтынын айтты.
Екі келіншек бір перзентханада сәбилерінен айырылып қалды

Фото: Life09