BANNER

Елімізде әскерге шақырылғандарға несие алуға тыйым салынбақ

Фото: 45minut.biz

Қаулыға сәйкес, банктер мен микроқаржы ұйымдары борышын өтеп жүрген сарбаздардың қарыз жүктемесін азайту үшін несие бере алмайды, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі Stan.kz-ке сілтеме жасап.

 

Қорғаныс министрлігі сарбаз туралы ақпаратты несие бюросына жібереді. Ал бюро ақпаратты адамның несие тарихында көрсетуге міндетті.

 

Егер азамат несие алуға өтініш берсе, банк алдымен оның әскерде борышын өтеп жүргенін тексереді. Егер борышын өтеп жүргені анықталса несие берілмейді.

 

Сонымен қатар қаулыда әскерге дейін алған несиелер бойынша төлемді кейінге шегеру тәртібі де қарастырылған. Азамат әскери борышын өтеп келген соң, несие төлемін 60 күн ішінде қайта жалғастыруы тиіс.