Қайғылы жағдай бүгін сағат 3:50-де болды. Дубайдан келген Emirates әуе компаниясының Boeing 747 ұшағы Гонконг әуежайының солтүстік ұшу-қону жолағынан шығып кеткен, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі Stan.kz-ке сілтеме жасап. Сосын ол патруль көлігіне соғылып, кейін теңізге құлаған. Салдарынан екі адам қаз тапты.
Оның бірінің мәйіті теңізден шығарылды. Ол 30 жастағы ер адам. Таңғы 5:55-те оқиға орнында көз жұмған. Екіншісі, 41 жастағы ер адам. Ол Солтүстік Лантау ауруханасына жеткізіліп, таңғы 6:26-да қайтыс болған.
Ұшақ экипажының төрт мүшесі аман қалған.
Гонконгта жүк таситын ұшақ теңізге құлап, екі адам қаза тапты

Фото: LIFE09