BANNER

ҚАЛАДА 110 ШАҚЫРЫМНАН АСТАМ ЖОЛ ЖӨНДЕЛДІ

Фото авторы: Руслан Тұрсынғалиев

Биыл Қарағанды қаласында 110 шақырымнан астам жол жөнделді. Жаңа учаскелермен қатар , ескі көшелердің де жолдары жөндеуден өтті.

Әсіресе жеке сектор аумағына көңіл бөлінді. Мақсат-нормативтік жағдайдағы жолдардың үлесін 85%-ға дейін жеткізу. Маңызды уаскелердің ішінде Космонавттар мен Бөкетов, Мұқанов көшелері, сондай-ақ орамаралық жолдар асфальтталды. Пичугин мен Четская көшелеріне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Орташа жөндеу Ермеков, Университет, Назарбаев, Ерубаев, Гоголь, Тәттімбет және басқа да көшелерде жүргізілді.

Жол жұмыстарын бақылау күшейтілуде, сапаға ерекше көңіл бөлінуде. Сәуір айында «Жол активтері сапасының ұлттық орталығының» Қарағанды облыстық филиалы қызметкерлері 30-ға жуық асфальт зауытын тексеріп, оларыдң өнім сапасын сараптамадан өткізді. Бұған қоса жолдарға жылжымалы аспаптық тексерулер жүргізіліп, орталық зертханасында сынамалар сараптамадан өткізілді. Қарағанды қаласындағы жолдардан алынған 398 сынаманың, 73-нен қателіктер анықталған. Бүгінгі күнде 3-уі түзетіліп, қалған учаскелерде кеткен қателіктер бойынша жұмыс істелуде.