BANNER

Қарағанды қаласында кезекші ХҚКО жұмыс кестесі 1 шілдеден бастап өзгереді

Ашық дереккөз

1 шілдеден бастап Қарағанды қаласы бойынша  кезекші халыққа қызмет көрсету орталығы болып саналатын Ержанов көш., 47/3 мекен-жайы бойынша орналасқан Қарағанды қ. № 1 бөлімі мереке күндерін қоспағанда, сенбі күні сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін жұмыс істейді. Жұмыс күндері оның жұмыс кестесі өзгеріссіз қалады -9.00-ден 20.00-ге дейін.

ХҚКО-ның қалған бөлімдері дүйсенбі-жұма күндері сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін стандартты кесте бойынша жұмысын жалғастырады.

Сондай-ақ «ХҚКО» қосымшасы арқылы, бірыңғай байланыс орталығының 1414 нөмірі бойынша, eGov порталында, EgovKzBot2.0 телеграм-ботында, Egov mobile қосымшасы арқылы ХҚКО-ға кезекті алдын ала брондай алады.

Жаңа жұмыс кестесі Халыққа қызмет көрсету орталықтары жұмысының тиімділігін арттырады.

Айта кетейік, кезекші ХҚКО-лар тек облыс орталықтарында ғана бар. Ұлытау және Жетісу облыстарында олар кейінірек анықталады.