BANNER

Қарағанды хайуанаттар бағында қоңыр аю дүниеге келді

Фото: unsplash.com

Қарағанды хайуанаттар бағында жақсы жаңалық: қоңыр аюларда қонжық дүниеге келді. Кішкентай қонжықтын анасы мен әкесі 12 жасар Маша мен 13 жасар Тимоша есімді аюлар.

Бұл аюлардың алғашқы төлдеуі емес. Бірнеше жыл бұрын туылған сәбилер қазір Ташкент хайуанаттар бағында тұрады.

– Қоңыр аю төлдегені туралы біз шиқылдаған дыбыстан білдік. Оны алғаш рет қаңтар айында естідік, – дейді хайуанаттар бағының директоры Гүлнар Адамбекова. – Бірнеше қонжық деп ойладық. Әдетте екеу туады. Алайда жалғыз болып шықты. Анасы баласын наурыз айының соңында ғана көпшілікке көрсетті. Қонжық өзін жақсы сезінеді, белсенді және ізденімпаз. Анасы да жақсы.

Жануарлар күшейтілген тамақтануға ауыстырылды. Қазір оларда серуендеуге жеткілікті орын бар, торы кең. Күн сәулесінен қорғайтын шатыр бар.