BANNER

Қарағанды облыстық қоғамдық кеңесінің жаңа құрамы бекітілді

Фото жүктелмеген

Бүгін Қарағанды облыстық мәслихатының Х сессясында облыстық қоғамдық кеңестің жаңа құрамын бекіту мәселесі ұсынылды. Депутаттар кеңестің жаңа құрамын қолдап, бірауыздан дауыс берді, деп хабарлайды saryarqanews.kz.

          а

38 мүшенің ішінде азаматтық сектор мен партия өкілдері, кәсіподақ көшбасшылары, бизнесмендер, журналистер бар.

     а

Қарағанды облысының Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының жетекшісі Ғабит Тұяқовтың айтуынша, кандидаттарды ұсыну кезінде азаматтық сектор мен жастардың белсенділігі жоғары болды, барлық үміткерлерге тең жағдай жасалды.

        а

– Қоғамдық кеңеске конкурстық қабылдау туралы хабарландыру облыстық БАҚ-та, облыстық мәслихаттың сайтында және әлеуметтік желілерде 2022 жылғы 27 қаңтарда жарияланды. 84 өтініш түсті. Өз кандидаттарын қоғамдық бірлестіктер мен партиялар, ұжымдар ұсынды. Және өзін өзі ұсынғандар да болды. Үміткерлердің 73-і әңгімелесуден өтті, 11-і қандай да бір себептермен келген жоқ. Барлық қатысушылар үшін бірдей сұрақтар тізімі жасалды, – деп түсіндірді Ғабит Тұяқов.

                                     а

Қоғамдық кеңестің жаңа құрамында облыстың 11 өңірінің өкілдері бар. Жастар үлесі – 21%. Бес партияның өкілдері: "Аманат", "Адал", "Ақ жол", "Ауыл", ҚХП. Ерлер – 25, әйелдер – 13.

Сондай-ақ, конкурсқа қатысушылардан бос орындар пайда болған жағдайда 18 адамнан тұратын резервтік тізім жасалды.

Saryarqanews.kz ақпарат агенттігі Қарағанды облыстық қоғамдық кеңесінің жаңа құрамының тізімін назарларыңызға ұсынады.

1. Әбдікәрімов Әбілда Рахметұлы

«Қуатты Күш» мүгедектер қоғамы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің өкілі

2. Абдрахманова Майра Төлеубекқызы

«Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің Қарағанды облыстық филиалының төрайымы

3. Әбілдинов Қайрат Жүнісұлы

«Егемен Қазақстан» газетінің тілшісі

4. Әдекенов Серғазы Мыңжасарұлы

«Фитохимия» халықаралық ғылыми-өндірістік холдингі» Акционерлік қоғамының бас директоры

5. Аликулов Ербол Шымкентбайұлы

Қарағанды облысы әкімінің орынбасары

6. Алтынбеков Бекзат Қомарұлы

Қарағанды облыстық мәслихатының депутаты

7. Асан Сұлтанғали Дәулетқалиұлы

«Қазақстан Халық партиясы» қоғамдық бірлестігінің Қарағанды облыстық филиалы Жастар қанатының төрағасы

8. Атабаева Әсел Асановна

«ADAL» саяси партиясы» қоғамдық бірлестігінің Қарағанды облыстық филиалының төрағасы, «Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының бизнес-тренері

9. Ахметов Талғат Серікбайұлы

«Santehplast» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі филиалының директоры

10. Башай Меруеш

Қ. Байжанова Концерттік бірлестіктің әншісі, «Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы» қоғамдық бірлестігінің Қарағанды облыстық филиалының басшысы, «Отандастар» қоры фронт-офисінің бас сарапшысы

11. Бегенов Бауыржан Жаппасұлы

«Азамат-Агро» шаруа қожалығының басшысы

12. Буслаев Евгений Михайлович

«Қорғау» көміршілер кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы

13. Джанаев Увайс Хаважиевич

 «Construction Training Resources» «Констракшн Трэйнинг Ресурсес» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі директорының орынбасары

14. Дүйсенбаева Ботагөз Көшкінбайқызы

«101 tv.kz Қоғамдық Интернет-теледидары» ақпараттық агенттігінің журналисі

15. Елубаева Марал Қуандыққызы

«Қарағанды медицина университеті» мемлекеттік емес акционерлік қоғамының Халықаралық медицина факультеті деканының академиялық жұмыс жөніндегі орынбасары

16. Жабяк Игорь Васильевич

«Шанс» шаруа қожалығының басшысы

17. Жақсыбаева Гүлнар Шайхиденқызы

«Новое время» жеке мекемесінің директоры

18. Жақыпов Айсұлтан Мұхамедиаұлы

«Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынының баспасөз қызметкері

19. Жұмабеков Болат Қамзинұлы

Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы Қарағанды облысы Кәсіподақ орталығының төрағасы

20. Жұмабеков Нұрхан Мұхамеджанұлы

Абай тігін фабрикасының басшысы

21. Қиясова Айжан Казимирқызы

«PORTUS» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры және құрылтайшысы

22. Қожахметова Лаззат Таймырқызы

«Шаңырақ» көп балалы отбасыларды қолдау орталығының директоры, «Қарағанды хабары» газетінің редакторы

23. Кравченко Татьяна Ивановна

Мүгедек балаларға және олар тәрбиеленіп жатқан отбасыларға көмек көрсету жөніндегі «Лучик надежды» қоғамдық қайырымдылық қорының төрағасы

24. Құрбанбаева Гүлнар Төретайқызы

«Қарағанды облысыныңкәсіпкерлер қауымдастығы» қоғамдық бірлестігінің президенті

25. Ломакин Алексей Борисович

Теміртау қалалық мәслихатының хатшысы

26. Машнина Анастасия Владимировна

«Новый Вестник» газетінің тілшісі

27. Никонович Руслан Иосифович

«Жаңа теледидар» телеарнасының директоры

28. Омарханов Никанбай Иманғалиұлы

Зейнеткер

29. Оразалинов Аманжол Мұсабекұлы

«Қазақмыс корпорациясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі дизель учаскесі басшысының орынбасары, «Altyn Shanyraq 1917» қоғамдық бірлестігінің құрылтайшысы

30. Полтаренко Дмитрий Сергеевич

«Қарағанды облысының Азаматтық Альянсы»Қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің президенті

31. Савицкая Татьяна Ивановна

«Озарение» қоғамдық қорының президенті, «Диалог» жанжалдарды шешу орталығы» жеке мекемесінің директоры

32. Садықанов Жәнібек Махмұтұлы

«Қазақстан»  Республикалық Телерадиокорпорациясы» акционерлік қоғамы Қарағанды облыстық филиалы директорының орынбасары – бас редакторы

33. Смайл Динара Кенжеқызы

«SaryArqaCo» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры және құрылтайшысы

34. Сүндетқалиев Нияз Әділұлы

«Qamqor pius» мүгедектер қоғамдық бірлестігінің төрағасы

35. Сыздық Болат Кенелұлы

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Қарағанды облысы бойынша филиалының Білім беру бағдарламаларын іске асыру және ілгерілету кабинетінің доценті

36. Тоқымбаев Ержан Аманжолұлы

«Сәтпаев жылумен және сумен жабдықтау кәсіпорны» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры

37. Түсіпов Марат Қанатұлы

«Эколайв» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің басшысы

38. Хушкелдиев Жанболат Жұматұрұлы

Әл-Машани мешітінің бас имамы