Қарағанды облысы ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері 60 жастағы ер адамды ұстады, деп хабарлайды LIFE09 ақпарат агенттігі Sputnik.kz-ke сілтеме жасап.
"Ол жыныстық сипаттағы азғындық әрекеттерді жасау және балалар порнографиясын жазу мақсатында жас қыздардың анасымен келісім жасап, ақшалай сыйақы беріп отырған", - деп жазылған хабарламада.
Барлық күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Қылмыстық кодекстің 121-бабы 4-бөлігі (кәмелетке толмағандарға қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері) және ҚК-нің 135-бабы (кәмелетке толмағандар саудасы) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.
Айта кетері, полицейлер "STOP-трафик" операциясының үш күнінде адам саудасымен, адамдарды, оның ішінде кәмелетке толмағандарды жезөкшелікпен айналысуға тартумен байланысты 40 қылмысты анықтады.