BANNER

"Сергек" жүйесі көлік қозғалысы кезінде ұялы телефон пайдаланған жүргізушілерді тіркейді

Фото: ИИ

Жүйе бейнеағынды талдау алгоритмдері негізінде жұмыс істейді, бұл жүргізушінің рөлде телефонмен сөйлесіп отырғанын басқа әрекеттерден ажыратуға мүмкіндік береді, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі Stan.kz-ке сілтеме жасап.

Оқиға тек айқын көрінген жағдайда ғана тіркеледі, бұл деректердің нақтылығы мен дұрыстығын қамтамасыз етеді.

Алайда қазіргі уақытта "Сергек" телефон пайдаланған жолаушыларды тек қана тіркеуге ала алады, бірақ бұл заң бұзушылық ретінде танылмайтын көрінеді. Себебі әзірге бұған қатысты тиісті нормативтік-құқықтық акт жоқ.