BANNER

Қарағанды ​​облысында ер адам жүк пойызының астында қалды

-

Қарағанды ​​облысында 12 қарашада Қарабас станциясында қаза болған 32 жастағы Әліби Қалиевтің өлімі тергеліп жатыр.

Ер адамды жүк пойызы қағып кеткен. Қаза тапқан кенші Әліби Қалиев. Ленин атындағы шахтада жұмыс істеген. Жақында ер адам еңбек демалысына шығып, 10 күнге Алматыға ағасына баруды ұйғарыпты. Бірақ діттеген орнына жетпеген.

"12 қарашада сағат 15:00-де ол маған телефон соғып, пойызға мінгенін айтты. Ал оған дейін әйеліне телефон соққан, бәрі жақсы болған. Қарағандыдан Қарабас станциясына дейін 40 минуттай жол жүреді. Осы уақыт ішінде не болғаны белгісіз. Бірақ неге екені белгісіз, жолаушыларды пойыздан шығаруға тыйым салынғанымен, інім барлық заттарымен, жүгін алып сол станцияда түскен, сол жерде жүк пойызы қағып кеткен", - дейді марқұмның туысы Саян Әмірбеков.

Марқұмның туыстары жағдайды анықтап, Әліби станцияда неге түскенін және қалай қаза болғанын білгісі келеді. Олар марқұммен бірге болған пойыз жолаушыларынан көмек сұрайды.

Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі жағдайға қатысты пікір білдірді. Ведомство адамды қағып кету фактісі бойынша тергеу жүріп жатқанын хабарлады.

"Қарабас станциясында адамды қағып кету дерегі бойынша Қарағанды-Сұрыптау станциясының көлік полициясы қызметкерлерімен ҚР Қылмыстық кодексінің 344-бабы 2-бөлігі бойынша соталды тергеу басталды. Қазіргі уақытта іс бойынша қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Басқа ақпарат ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабы талаптарына сәйкес тергеу мүддесі үшін жария етілмейді", - деді ведомство өкілдері.