Қарағанды облысындағы қоғамдық-саяси жағдай тұрақты. Аймақта төтенше жағдай режимі және оған байланысты бірқатар шектеулер бар.
ТЖ режимін бұзғаны үшін 680 әкімшілік хаттама толтырылды. 69 адам әкімшілік қамауға алынып, 26 бұзушыға айыппұл салынды. 525 адам ескерту алды.
Өткен тәулікте облыста 34 қылмыстық құқық бұзушылық тіркелді. Полиция қызметкерлері олардың 19-ын аша алды.
ТЖ кезінде 45 тыйым салынған зат тәркіленді. Олардың ішінде 18 дана тегіс ұңғылы қару бар. Сондай-ақ, есірткі заттарын сақтаудың 9 фактісі анықталды. Алты шетелдік көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
– Полиция департаменті тұрғындарды төтенше жағдай режимін бұзбауға шақырады және полицейлердің жұмысына түсіністікпен қарайтын азаматтарға алғыс білдіреді, – деді Қарағанды облысының коменданты Ерлан Файзуллин.