BANNER

Қарағанды облысының ветеринариялық станцияларына жаңа автомобильдер берілді

-

Қарағанды облысының ветеринариялық станциялары үшін соңғы 10 жылда алғаш рет 19 жаңа қызметтік машина сатып алынды. Ветеринарлық қызмет басшыларына автомобиль кілттерін тапсыру ауыл шаруашылығы, тамақ және қайта өңдеу өнеркәсібі қызметкерлері күні қарсаңында өтті, деп хабарлайды LIFE09 ақпараттық агенттігі.

1

Chevrolet cobalt және Chevrolet Nexia маркалы автомобильдер «СарыарқаАвтоПром» отандық өндірушіден сатып алынды. Машиналар жеті ауданның ветеринариялық станциялары мен Балқаш және Қарағанды қалалары арасында таратылды.

– Қызметтік автокөлік 2012 жылдан бері жаңартылмаған. Машиналардың 17%-ға жуығы жарамсыз болып қалды, – дейді Қарағанды облысы ветеринария басқармасының басшысы Қайырбек Тұрсынбеков. – Жаңа машиналар жедел әрекет ету үшін барлық станцияларға берілді. Ауру тараған немесе мал қырылған жағдайда біз шұғыл түрде зертханаға апару керек материалды аламыз. Көліктер жолда бұзылған жағдайлар болды. Ал үлгі тек 4–5 сағат ішінде жарамды. Жаңа қызметтік көлік біздің ветеринарларға өз жұмыстарын тез әрі сапалы орындауға көмектеседі.

Биыл ветеринарлық станция қызметкерлерінің жалақысы 50%-ға өсті.

– Облыстық бюджеттен ветеринарларды қолдау бойынша қажетті қаржыландыру бөлінді. Бүгінгі таңда 672 қызметкердің жалақысы 50%-ға өсті. Біз алдымызға сіздердіің кәсіби қызметтеріңіз үшін қажетті еңбек жағдайларын қамтамасыз ету міндетін қойып отырмыз, – деді Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек.

Осакаров ауданының бас ветеринары Юрий Сергеев қазіргі күрделі уақытта биліктің қолдауы өте маңызды дейді.

– Біздің жұмысымызда көліксіз өте қиын. Аудан үлкен – Осакаровкадан бір бағытта 120–150 км, екіншісіне шамамен 100 шақырым жол жүру керек. Бізге көліктер өте қажет, себебі профилактикалық және диагностикалық шараларға, шалғындарға барамыз. Олардың арасында дала жолдарымен 20 шақырымнан астам жол жүру керек. Жаңа машиналар біздің жұмысымызды жедел орындауға мүмкіндік береді, – дейді Юрий Сергеев.