Николас Пикколоның айтуынша, ол 1998 жылдың 26 қарашасында Қарағандыда дүниеге келген. Туған кезде оған Руслан Умурзаков деген есім берілген. Кішкентай кезінде ол Қарағандыдағы «Малютка» балалар үйінде тәрбиеленген, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі Stan.kz-ке сілтеме жасап.
2003 жылы ол шетелдік отбасыға асырауға беріліп, кейін АҚШ-қа көшкен. Арада жылдар өткен соң Николас өзінің шыққан тегін біліп, биологиялық ата-анасын табуға шешім қабылдаған.
Қазір ол бұл іске қатысты қандай да бір ақпарат білетін адамдардан көмек сұрап отыр.
Қарағандыда дүниеге келген, кейін америкалық отбасы асырап алған азамат өзінің биологиялық ата-анасын іздеп жүр
Фото: ЖИ Canva

