Қарағандыда Шахтерлер күні мерекесіне орай қала маңына қосымша автобустар қатынайды

Сурет: Қарағанды облысы әкімдігі сайтынан

Қарағандыда 29 тамызда Шахтерлер күніне орай жаңа алаңда – Оңтүстік-Шығыстағы Әшімов көшесінде ауқымды концерт өтеді. Мерекелік шарадан кейін серіктес қалалар мен қала маңындағы елді мекендерге қосымша 50 автобус қатынайды.

Қарағанды қаласы әкімдігінің мәліметінше қосымша автобустар Теміртау, Шахтинск, Абай, Саран қалаларына, сондай-ақ Топар және Шахан кенттеріне дейін барады. Автобустардың жөнелтілетін орны – «Қарағанды-Арена» мұз сарайы.

Димаш Құдайберген, Дима Билан, Қайрат Нұртас және басқа да өнер жұлдыздарының қатысуымен өтетін концерт 29 тамыз күні сағат 18:00-де басталады. Мерекелік кеш соңы мерекелік от шашумен аяқталады.