6 сәуір күні Ұлттық ұланның 6505 әскери бөлімініде "Ерлік күні" шарасы өтті. Шараны Орталық өңірлік қолбасшылығы қолбасшысының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары полковник Берік Тоқтаров басқарды.
Интернационалдық міндетін атқаруда қайтыс болған 17 жауынгердің рухына тағзым ету үшін, марқұм болған жерлесіміз Еркебұлан Мақажановтың ағасы Жайық Мақажанов, Қарағанды қаласының маслихат депутаты, Тәжік-Ауған шекарасында қызмет еткен запастағы капитан Шүкіржан Құлжанбеков, Орталық өңірлік қолбасшылығының ардагерлер кеңесінің төрағасы запастағы генерал-майор Ерсайын Шамғонұлы, Қарағанды облысының “Ардагерлер одағы (Тәжік-Ауған шекарасындағы жауынгерлік қимылдары мен әскери қақтығыстарға қатысушылар)” қоғамдық бірлестігінің төрағасы Нұрболат Аяғанов, #10, 58 орта білім беру мектептерінің “Жас бүркіт” сыныптары, бөлімнің офицер, келісім шарт бойынша әскери қызметшілері мен сарбаздарымен біршама майдангерлері қатысты.
" Бүгінгі күн баршамыздың жадымызда мәңгілікке сақталып қалды. Осыдан 29 жыл бұрын қаруластарымыз колонна құрамында шабуылға тап болды. Жаудың басым күшіне қарамастан әскерилеріміз батыл шайқасып, нәтижесінде Ішкі әскердің 17 боздағы сол жерде мерт болды. Бұл ерлік Ұлттық ұлан сапында жыл сайын лайықты орын алатыны сөзсіз, - деп полковник Берік Тоқтаров алғы сөзінде тоқталып өтті.
Жиын жауынгерлердің ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, бір минуттық үнсіздікпен жалғасты.
Қаруластарының ерлігін келешек ұрпаққа насихаттап лебізін білдіруде аға буын да қалыс қалмады, бірі інісінің әскерге аттанғалы тұрған сәтін еске алса, басқалары бауырлас елдегі қызметін еске алды, барлығының түйіні бір - елін қорғаған батырлар есімі мәңгілікке естен кетпей, жас ұрпаққа мирас етіп қалды.
Айта кетейік, 1995 жылы 7 сәуір күні Тәжі-Ауған шекарасында өздерінің интернационалды борышын, елге моджахедтердің заңсыз әрекеттерін болдырмау мақсатында құрылған Қазақстандық батальон құрамы "Пшихавр" шатқалында шабуылға тап болады. Тең емее ұрыста әскерилер абыройлы қорғанады. Шайқас нәтижесінде Қазақстан Республикасының Ішкі әскерлерінің (қазіргі кезде Ұлттық Ұланның) 17 жауынгері ерлікпен қаза табады. Сол күннен бастап 7 сәуір күні жыл сайын Ұлттық ұлан қатарында шеру өткізіліп тұрады.
Ұлттық ұланының Орталық өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі.