✔️Мемлекет басшысы Халықаралық гимнастика федерациясының президенті (FIG) Моринари Ватанабэмен және Азия гимнастикалық одағының (AGU) президенті Абдулрахман Әл-Шатримен кездесті.
✔️Әңгімелесу барысында елімізде гимнастика спорты түрлерін дамыту және насихаттау бойынша ынтымақтастық перспективасы талқыланды.
✔️Қасым-Жомарт Тоқаев FIG және AGU ұйымдарының Қазақстан гимнастика федерациясына көрсетіп келе жатқан жан-жақты қолдауын жоғары бағалады.
✔️Президент бүгінде елімізде гимнастиканың балалар мен жастар арасында танымалдылығы арта түскенін атап өтті. Көптеген жергілікті залдармен қатар, ұлттық құрама жаттығатын және халықаралық жарыстар ұйымдастырылатын үш арнаулы кешен жұмыс істейді.
✔️Бұдан бөлек, Мемлекет басшысының тапсырмасымен Алматы қаласында Орталық Азиядағы ең ірі әрі бірегей Гимнастика орталығының құрылысы басталды.
✔️Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның ауқымды спорт іс-шараларын өткізуде айтарлықтай тәжірибе жинағанына тоқталды.
✔️Мемлекет басшысы еліміздің спорт саласын дамыту және ірі халықаралық додаларды өткізу бойынша бірлескен бастамаларды қарастыруға дайын екенін растады.
✔️Моринари Ватанабэ мен Абдулрахман Әл-Шатри Қазақстан басшылығының кәсіби және бұқаралық спортқа көрсетіп отырған қолдауына оң баға берді.
✔️Меймандар еліміздің даңқын әлемдік ареналарда асқақтатып жүрген қазақстандық атлеттердің жетістігіне ерекше назар аударды.