Халықаралық Global Broadband Price League рейтингіне сәйкес, Қазақстан үй интернетінің қолжетімділігі бойынша әлемдегі үздік елдердің бірі атанды, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі Stan.kz-ке сілтеме жасап.
Елімізде үй интернетінің орташа айлық құны 15,23 долларды (шамамен 7 423 теңге) құрайды. Бұл көрсеткіш Жапония, Германия, АҚШ және Оңтүстік Корея сияқты бірқатар дамыған мемлекеттерден төмен.
Зерттеу қорытындысы бойынша Қазақстан 214 елдің ішінде 19-орынға орналасты. Рейтингте тек үй интернеті тарифтері ескерілген.
Қазақстан интернет бағасы ең қолжетімді елдердің қатарына енді
Фото: ЖИ ChatGPT