Қазақстан әлемдегі ең қауіпсіз елдердің бірі атанды

Фото: Life09

Жаһандық терроризм индексінің (GTI) мәліметтерінше Қазақстан терроризм деңгейі бойынша әлемдегі ең қауіпсіз елдердің қатарына кірді.

Бұл туралы Life09 ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Қазақстанда қауіпсіздік жоғары деңгейде қамтамасыз етіледі. Бұл – алдын алу жүйесі, күштік құрылымдар жұмысы және халықаралық ынтымақтастықтың нәтижесі.

Әуежай, теміржол, энергетика нысандары заманауи технологиямен бақыланады. Қауіпсіздік органдары тұрақты жаттығулар өткізіп, ШЫҰ мен ҰҚШҰ аясында бірлескен операциялар жүргізеді.

Сонымен қатар, радикалданудың алдын алуға ерекше көңіл бөлінеді. Жастарға жалған ақпарат пен экстремизмге қарсы тұру үйретілуде.

Барлығын есепке алғанда еліміз 0.000 көрсеткішін алған. Бұл террористік қауіптің жоққа жақын екенін білдіреді.