Қазақстанда доллардың 17 желтоқсандағы бағамы белгілі болды, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 514,31 теңге болды, бұл алдыңғы көрсеткіштен 4,5 теңгеге төмен. Айта кетейік, Ұлттық банк белгілеген 17 желтоқсандағы бағам - 519,61 теңге.
kurs.kz деректеріне сәйкес, қазіргі уақытта Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау пункттерінде доллардың орташа бағамы:
Алматыдағы ақша айырбастау пункттерінде:
- сатып алу - 515,06 теңге;
- сату - 517,22 теңге.
Астанадағы ақша айырбастау пункттерінде:
- сатып алу - орта есеппен 512,65 теңге;
- сату - 519,63 теңге.
