Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова мұғалімдерге сыйлық беруге қатысты ережелерге өзгеріс енгізілуі мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі Stan.kz-ке сілтеме жасап.
Үкіметтегі брифингте журналистер министрден бітіру кештерін өткізу тәртібінің қай тұстары жеңілдетілуі мүмкін екенін сұраған.
Сүлейменова бұған дейін бұл тақырыпта белгілі бір норма енгізу ұсынылғанын еске салып, оны қарастыруға болатынын жеткізді. Оның айтуынша, егер жеңілдік енгізілсе, ол тек гүл сыйлауға қатысты болуы мүмкін.
Қазақстанда мұғалімдерге гүл сыйлауға рұқсат берілуі мүмкін
Фото: Life09