BANNER

Қазақстанда орташа өмір сүру ұзақтығын арттыру көзделіп отыр

Ашық дереккөз

Қазақстанда орташа өмір сүру ұзақтығын 2025 жылға қарай 75 жасқа дейін жеткізу жоспарланып отыр. Бұл туралы үкімет отырысында денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният мәлімдеді, - деп хабарлайды Saryarqanews.kz тілшісі Tengrinews.kz сілтеме жасай отырып.

Ол "Дені сау ұлт" ұлттық жобасы аясында халықты қолжетімді және сапалы медициналық көмекпен қамтамасыз ету, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, салауатты өмір салтын ұстанатын халық үлесін арттыру бойынша шаралар іске асырылып жатқанын айтты.

"Қабылданған шаралар нәтижесінде 2025 жылға қарай салауатты өмір салтын ұстанатын адамдардың үлесін 40 пайызға дейін, өмір сүру ұзақтығын 75 жасқа дейін арттыру, инфекциялық емес ауруларды 7 пайызға дейін, медициналық оңалту қызметтерімен қамтуды 75 пайызға дейін төмендету жоспарланып отыр. Осы индикаторларға қол жеткізу арқылы мүгедектік деңгейін төмендетуге болады", - деді денсаулық сақтау министрі.