Әділет министрі Ерлан Сәрсембаев брифингте Қазақстанда сот-сараптамалық қызметтің бірнеше әдісін жетілдіру жоспарланы отырғанын мәлімдеді. Атап айтқанда, сот-медициналық сараптамалар барысында мәйітті ашудан бас тартуға мүмкіндік беретін "виртуалды аутопсия" әдісі енгізілмек, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі Stan.kz-ке сілтеме жасап.
"Виртуалды аутопсияны" енгіземіз, оның мәні мәйіттерді зерттеу үшін компьютерлік томографияны қолдану үшін қажет. Бұл зерттеу міндетті түрде мәйітті ашуды болдырмауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ ұлттық және діни дәстүрлермен қайшылықтарды болдырмауға көмектеседі", – деді министр.
Оның айтуынша, сот-сараптамалық қызмет әдістері жетілдіріліп, сарапшының және сараптама тағайындайтын органдардың іс-әрекеттерін реттейтін қадамдық алгоритм әзірленеді.
"Бұл сараптамалардың өндіріс уақытын қысқартып, негізсіз сараптамалар санын азайтып, олардың сапасын арттыруға көмектеседі", – деп атап өтті министр.
Сонымен қатар, Сәрсембаев сараптамалардың ашықтығын арттыру үшін сараптамалық қызметті автоматтандыру жұмыстары жүргізілетінін айтты. Пилоттық жоба ретінде екі-үш қарапайым сараптаманы автоматтандыру жоспарланып отыр.
Министрдің пікірінше, қазіргі ақпараттық жүйе заманауи талаптарға сай келмейді. Сондықтан "Е-сараптама 2.0" атты жаңа жүйені әзірлеу қажет. Жаңа жүйеге жасанды интеллект енгізу жоспарланған. Бұл басқа ақпараттық жүйелермен және жабдықтармен интеграциялауға мүмкіндік бермек.
"Бұл сарапшының зерттеу жүргізу кезіндегі әрекеттерін бақылауға, сондай-ақ зерттеу барысында, әрекеттер мен әрекетсіздік кезінде мүмкін болатын ауытқулар туралы ескертуге мүмкіндік береді. Жүйеде сараптамаларды тікелей орындау және адами қателіктерді жою функциясы қарастырылады", – деді министр.