Қазақстанда бірыңғай уақыт белдеуі құрылады. Қай өңір тұрғындары жергілікті уақытты бір сағатқа артқа шегеруі керек екені айтылды, - деп хабарлайды "Life09" AA Tengrinews.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Бұған дейін Сауда және интеграция министрлігі 2024 жылғы 1 наурызда сағат 00:00-ден бастап елдің бүкіл аумағында бірыңғай уақыт белдеуі орнатылатынын хабарлаған болатын.
"Қазақстан Республикасының аумағындағы уақытты есептеу тәртібі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 23 қарашадағы N 1749 қаулысына енгізілген өзгертулерге сәйкес, "Астана, Алматы қалаларының әкімдіктері, Шымкент, Ақмола, Алматы, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Түркістан, Шығыс Қазақстан облыстарында және Абай, Жетісу, Ұлытау облыстарында 2024 жылғы 29 ақпаннан 1 наурызға қараған түні (сағат 00:00-де) жергілікті уақытты 1 сағатқа артқа қою керек", - делінген хабарламада.
Еске салайық, бұған дейін Қазақстанда уақыт белдеуін өзгертуге қатысты соңғы шешім қабылданғаны хабарланған болатын.