BANNER

Қазгидромет су тасқынына қатысты жағдай ушығып кетуі мүмкін екенін ескертті

Фото: unsplash.com

Қазгидромет Қазақстандағы су тасқыны жағдайы күрт нашарлауы мүмкін екенін мәлімдеді,- деп хабарлайды LIFE09 ақпараттық агенттігі.

Синоптиктердің хабарлауынша, "Росгидромет" РМК болжамына сәйкес, Жайық өзені ағынының қалыптасу жоғарғы аймағындағы бақылау деректеріне сүйене отырып, көктемгі су тасқынының күтілетін көлемі 2023 жылға арналған көпжылдық орташа мәндер мен көрсеткіштерден 2-2,5 есе асып түседі.

Қазақстан аумағында Жайық өзені Жайық-Көшім өлшеу стансасында (Батыс Қазақстан облысы) 7 сәуір мен 12 сәуір аралығында ашылады деп болжанып отыр. 

"Жайық-Көшім учаскесінде көктемгі су тасқынының көлемі 11,0-ден 15,0 текше километрге дейін болады. Бұл өткен жылғы көрсеткіштерден айтарлықтай асып түсіп, рекордтық көрсеткіштерге жетеді", - деді "Қазгидромет" РМК.