Қаржы вице-министрі Татьяна Савельева елімізде алдағы сайлау науқанына жұмсалатын шығындар туралы айтты, деп хабарлайды LIFE09 ақпараттық агенттігі.
Президент сайлауы 2024 жылға жоспарланған еді. Бюджет те солай бекітелген. Енді қазіргі өзгерістерді ескере отырып, ақша Үкімет қорынан алынады. Қазір Орталық сайлау комиссиясы есеп жүргізіп жатыр, болжам бойынша 20 миллирд теңге жұмсалады,- деді Татьяна Савельева.
Вице-министрдің сөзінше, биылғы президент сайлауына осыншама қаржы жұмсалмақ. 2023 жылғы парламент сайлауына тағы 25 миллиард теңге бөлінбек. Жалпы екі маңызды шараға 45 миллиард теңге жұмсалады.