Көкшетауда көлік жүргізген әйел аулада баланы қағып кетті

Фото: ЖИ ChatGPT

Бұл туралы Life09 ақпарат агенттігі sputnik_aitady телеграм арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Көкшетауда тұрғын үй ауласында көлік тізгіндеген әйел баланы қағып кеткен. Оқиға кезінде бала анасымен бірге тротуарда кетіп бара жатқан.

Соққы салдарынан бала жарақат алып, дәрігерлердің тексеруінен кейін үйіне жіберілді.

Баланың ата-анасы жүргізушіге қатысты арыз жазудан бас тартқан. Алайда полиция оқиғаға байланысты материалдар жинап, жүргізушінің әрекетіне заң аясында баға берілетінін мәлімдеді.