«112» пультіне Жамбыл ауданының Қарғалы ауылында бір жастағы баланың аяғы дәретхана конструкциясының құбырына қысылып қалғаны туралы шақырту түсті. Бұл туралы Life09 ақпарат агенттігі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми телеграм арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Оқиға орнына ТЖМ қызметкерлері жедел жетті. Баланың аяғы өздігінен босатуға мүмкіндік бермейтін жағдайда қысылып қалған.
Құтқарушылар аса сақтықпен әрекет етті. Арнайы металл кесетін қайшылардың көмегімен құбырды біртіндеп кесіп, баланың аяғының айналасындағы кеңістікті ұлғайтты.
Құтқару жұмыстары бір сағаттан астам уақытқа созылды. Бала көзге көрінетін жарақатсыз босатылып, жедел жәрдем бригадасына тапсырылды.
Құтқарушылар бір жастағы баланы металл конструкциядан босатты
Сурет: Life09