BANNER

Маңғыстауда бір отбасының үш адамы газдан уланып көз жұмды

Фото: pixabay.com

Маңғыстау облысының Мұнайлы ауданында бір отбасының төрт адамы газдан уланып, үшеуі көз жұмды. Қайтыс болғандардың екеуі жасөспірім. Мәліметтерді жергілікті билік растады, деп хабарлайды LIFE09 ақпарат агенттігі Stan.kz-ке сілтеме жасап.

Маңғыстау облысы төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 23 ақпанда Мұнайлы ауданында орналасқан "Қаламқас" тұрғын алабында өрт болды.

Бір отбасының төрт мүшесі көмірқышқыл газынан уланған. Оқиға орнында үш адам қаза тапты, оның екеуі жасөспірім. Бір адам аман қалды. Ол ауыр халде облыстық көпсалалы ауруханаға жатқызылды.

Мұнайлы ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі марқұмдардың отбасына материалдық көмек көрсетілгенін хабарлады. Басқа да қажет қолдау шаралары қабылданды дейді.

Алдын ала болжам бойынша, үйдегі жылыту пешінің мұржасы болмаған. Осының салдарынан улы газ сыртқа шықпай, үй ішіне жайылған.