Бұл туралы Life09 ақпарат агенттігі sputnik_aitady телеграм арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Айрақты-Шоманай алқабында жүргізушілер түрлі маневр жасап, бұл әрекеттерін видеоға түсірген.
Полиция мәліметінше, Mercedes көлігінің қауіпті әрекеті қоршаған ортаның ластануына және апатты жағдайдың туындауына әкелген.
Құқық бұзушы 24 жастағы жүргізуші болып шықты.
«Ол көлікті мемлекеттік тіркеу нөмірінсіз қайтадан тізгіндеген. Бұған дейін де ол осындай құқықбұзушылық үшін жауапқа тартылған», - дейді полициядағылар.
Жүргізушіге апатты жағдай туындатқаны, абаттандыру қағидаларын бұзғаны және көлік пайдалану қағидаларын қайта бұзғаны үшін бірнеше әкімшілік шара қолданылды.
Көлік арнайы тұраққа қойылды.