Мектеп бітіру кешін мейрамханада өткізуге тыйым салынды

Фото: ЖИ

Бұл туралы Life09 ақпарат агенттігі Qazaqstan.tv-ға сілтеме жасап хабарлайды.

Биыл мектеп бітіру кештерін мейрамхана, кафе, банкет залдары мен табиғат аясында өткізуге тыйым салынды. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігі хабарлады.

Елімізде 2025-2026 оқу жылын 4 млн-ға жуық оқушы аяқтайды. Оның ішінде 215 мыңы – мектеп бітіруші түлек. Министрліктің мәліметінше, аттестат тапсыру рәсімдері тек білім беру ұйымдарының қабырғасында ұйымдастырылады.

Сонымен қатар ата-аналардан ақша жинауға, мұғалімдерге сыйлық беруге және түрлі материалдық құндылықтар талап етуге жол берілмейді.