BANNER

Мектеп дәретханасында оқушыны өлтірген үш жасөспірімге үкім шықты

Марқұм Мирас Мәліктің жақындарының архиві

Жамбыл облысында Байзақ ауданы Құмжота ауылында мектеп оқушысы Мирас Мәліктің өліміне қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі Stan.kz-ке сілтеме жасап. 

Биыл көктемде 9-сынып оқушылары 8-сынып оқушыларын даладағы әжетханаға шақырып, ақша бопсалап, ұрып-соққан. Салдарынан 8 оқитын Мирастың жүрек аортасы жарылып кеткен.

Іс Жамбыл облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында жабық отырыста қаралды.

Үш оқушы сотқа тартылды. Олар денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру және қылмыс жасауға итермелеу фактілері бойынша сотталды.

Екі жасөспірімге 6 жыл 8 ай жазасы берілсе, ал біреуі бір жылға шартты сотталды.

Марқұм баланың жақындары үкімді жеңіл деп санап, аппеляцияға бермек.

Еске салсақ, бұған дейін Жамбыл облысында сегізінші сынып оқушысы жоғары сынып баласының соққысынан көз жұмғанын жазған едік. Көз жұмған баланың жақындары жағдай туралы айтып берген.