BANNER

Мемлекет басшысы республикалық басылымға сұхбат береді

Сурет: Ақорда

2025 жылдың 3 қаңтар күні «Ана тілі» газетінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың кең көлемді сұхбаты жарық көреді, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі.

Бұл туралы өзінің Facebook парақшасында ҚР Президентінің кеңесшісі – Президенттің Баспасөз хатшысы Берік Уәли жазды.

Президент сұхбатта ішкі және сыртқы саясаттағы басты оқиғаларға бағасын береді. Сондай-ақ елдің биылғы саяси және әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан дамуын қорытындылап, алдағы кезеңге арналған басым міндеттерді айқындайды.