Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоров өзінің жарыс кезінде киген костюмін Олимпиада музейінің қорына ресми түрде табыстады. Бұл туралы Life09 ақпарат агенттігі Qazaqstan ұлттық арнасының телеграм арнасына сілтеме жасап жабарлайды.
Дәл осы образда ол төртжылдықтың басты додасында мұз айдынына шығып, Қазақстан намысын қорғаған болатын.
Енді бұл костюм Лозанна қаласындағы Олимпиада музейінің коллекциясына еніп, әлемнің түкпір-түкпірінен жиналған тарихи жәдігерлердің қатарынан орын алады.
Михаил Шайдоровтың костюмі Олимпиада музейіне табысталады
Фото: Life09
