Қазақстандық шоу-бизнес жұлдызы Қайрат Нұртас ресейлік әнші Нюшамен бірге қайта сахнаға шығып, тыңдарманның ерекше ықыласына бөленген "Алматының түндері-ай" әнін шырқады. Олардың өнер көрсеткен сәті әлеуметтік желіде жарияланды, деп хабарлайды LIFE09 ақпараттық агенттігі Nur.kz-ке сілтеме жасап.
Қайрат Нұртас ресейлік әріптесімен өнер көрсеткен видеосын Instagram-дағы парақшасында жариялады. Бейнежазбада Нюша екеуі сахнада ел арасында хит болған "Алматының түндері-ай" әнін шырқап жатқанын көруге болады.
Айта кетейік, Қайрат пен Нюша бұл әнді осыдан 8 жыл бұрын бірге орындаған. Қазақстандық әртістің Youtube арнасында аталмыш дуэт 27 млн қаралым жинаған болатын.
Қос әнші бірнеше жылдан кейін сахнаға бірге қайта шығып, тыңдармандарын қуантты.
"Екеуінің бірге ән айтканы сондай жарасымды", "Керемет дуэт", "Ең сәтті шыққан дуэт деп ойлаймын", "Тарих қайталанып жатыр ма?", "Ал шулы сұрақтарыңызды жаза кетіңіздер", "Біздің жігіт сасқалақтап қалды ғой", "Қайрош, жарайсың. Осы әнді Нюшамен айтқан сондай жарасады", "Қайрат қана өзге ұлт өкілдерін шақырып, қазақша ән айтқызады", - деп тәнті болды көпшілік.