Қазақстанның Құрметті журналисі, Қазақстан республикасының Мәдениет қайраткері, публицист-жазушы, бүгінде Арқа баспасөзінің қадірлі ақсақалына айналған Сүйіндік Жанысбайды облыс әкімінің орынбасары Ерлан Құсайын 75 жасқа толған мерейтойымен құттықтады.
Мерейтойлық жиынаға облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Нұрлан Бикенов пен «AMANAT» партиясы облыстық филиалының төрағасы Бекзат Алтынбеков және облыстық «Saryarqa Aqparat » медиахолдингінің директоры Қайрат Әбілда қатысты.
Сонымен бірге, облыстық «Ortalyq Qazaqstan» газетінің бас редакторы Ерсін Мұсабеков, ардагер журналистер Серік Сексенов, Аман Жанғожин, Сағат Батырхан, Қазақстан Журналистер одағы облыстық филиалының төрағасы Жәнібек Садықанов та мерейтой иесіне жылы лебіздерін айтты.
Облыс әкімнің орынбасары Ерлан Құсайын өз сөзінде Сүйіндік Жанысбайдың қазақ әдебиетіне, журналистикасына қосқан үлесін айшықтады. Қаламгердің шығармашылығы ұрпақ тәрбиесінде маңызды рөл атқаратынын атап өтті.
Ortalyq.кz