OrdaMed АҚ басқарма төрағасы Еркін Ділімбетовке іздеу жарияланды, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі @baq_kz-ке сілтеме жасап.
Бұл мәлімет Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарының порталында жарияланған.
Іздестіру парағына сәйкес, Еркін Ділімбетовке қатысты іздестіру ісі 28 қаңтар күні Астана қаласында тіркелген. Іздеуді бастаған орган – Ұлттық қауіпсіздік комитеті.
Бұған дейін «OrdaMed» АҚ-ның отандық өндіріс бар деген жалған мәліметтерді пайдаланып, 28 атаудағы медициналық жабдықты мемлекеттік мекемелерге жеңілдікпен жеткізу үшін заңсыз преференциялар алғаны хабарланған. Алайда тергеу дерегінше, аталған жабдықтар шын мәнінде шетелден әкелінген.
Алдын ала есеп бойынша, мемлекетке келтірілген залал көлемі 4,5 млрд теңгені құрайды.
OrdaMed АҚ басшысы Еркін Ділімбетовке іздеу жарияланды
Фото: Life09
