Солнечный ауылында шаруа қожалығының ғимараты өртеніп кетті, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі Stan.kz-ке сілтеме жасап. Оқиға орнына шамамен 30 құтқарушы мен 10 техника бірлігі барған. Өрт тұрғын үйді толық шарпыған және шаруашылық нысандарына тараған. Жалпы өрттің аумағы 920 шаршы метрді құрады. Шатырдың бір бөлігі құлап түскен.
Өрт шыққан кезде үйдің ішінде жеті адам болған. 1972 жылы туған ер адам аман қалып, ауруханаға жеткізілді.
Оқиға орнынан алты адамның мәйіті табылды. Қаза тапқандардың жеке басы анықталып жатыр, тергеушілер қайғылы оқиғаның мән-жайын анықтауда.
Павлодар облысында өрттен алты адам қаза тапты

Фото: google