Ұлытау облысының полиция департаменті "Заң мен тәртіп" қағидатын жүзеге асыру аясында есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорларға қатысты құқық бұзушылықтарды анықтау және жолын кесу бойынша кешенді шараларды жүйелі түрде жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі Stan.kz-ке сілтеме жасап.
Жыл басынан бері облыс аумағында есірткі қылмысына қатысты 85 дерек тіркелді. Оның ішінде есірткі құралдарын заңсыз сақтау мен өсіруге қатысты фактілер бар, сондай-ақ бір есірткі зертханасы анықталды. Бұдан бөлек, есірткі сату бойынша 22 қылмыс әшкереленді.
"Қарасора" жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында 5 шеп бекеті құрылып, 55 есірткіге қатысты құқық бұзушылық анықталды. Оның 6 дерегі – қарасора егуге, 15 дерегі – есірткі сату фактілеріне қатысты.
Сонымен қатар интернет-ресурстарда нашақорлықты насихаттайтын 950 сайттың қызметі бұғатталды. Antifraud желісі арқылы 2800-ге жуық банктік есепшот пен төлем картасы тоқтатылды.
Қыркүйек айының 22-27 күндері аралығында өткен "Дәрмек" жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында есірткіге қатысты екі қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта аталған деректер бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.
Ішкі істер министрлігінің 2025 жылды "Профилактика жылы" деп жариялауына сәйкес, департамент қылмыс пен құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған кең ауқымды профилактикалық іс-шараларды үздіксіз жалғастырып келеді.