BANNER

"Вагнер" қатарында Украинаға қарсы соғысқан қазақстандық 5 жылға сотталды

Stan.kz

Тимур Пралиевтің Ресей қатарына 2022 жылдың күзінде алынғаны, сол жылдың қараша айынан бастап Украинадағы соғысқа қатысқаны анықталды, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі Stan.kz-ке сілтеме жасап.  Тергеушілердің айтуынша, ол байланыс маманы қызметін атқарған, Бахмұтты ұстауға қатысқан, Ресейде бірнеше медальдармен марапатталған. 2023 жылы Пралиев те Қазақстан азаматтығынан бас тартпай, Ресей төлқұжатын алды. Кейін Малидегі топқа жалданыпты.

Пралиев "шетелдік қарулы қақтығыстарға қатысқан" деген айыппен кінәлі деп танылды. Ол Вагнерде қызмет еткен кезінде 4 160 000 рубль (шамамен 27 900 000 теңге) алған екен.

2025 жылы 4 қаңтарда Пралиев АҚШ-та ел шекарасын заңсыз кесіп өтпек болған жерінде ұсталды. Одан Қазақстан және Ресей төлқұжаттары, 4 мың доллар, 60 мың Мексика песосы және дрон табылды. Ол АҚШ-тан Қазақстанға депортацияланып, сот алдында жауап берді.