BANNER

Президент Жарлығымен Үкімет таратылды

Президент Жарлығымен Үкімет таратылды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев  Үкіметі туралы қаулыға қол қойды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Saryarqanews.kz тілшісі.

Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы

2022 жылғы 05 қаңтар Қазақстан Республикасы Конституциясының 70-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің орнынан түсуі қабылдансын.

2. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі міндеттерін уақытша атқару Әлихан Асханұлы Смайыловқа жүктелсін.

3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің мүшелері Үкіметтің жаңа құрамы бекітілгенге дейін өз міндеттерін атқаруды жалғастыра берсін.

4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаев

Нұр-Сұлтан, Ақорда,

2022 жылғы 5 қаңтар

№ 728